Главная Новости METU қызметкерлері мектептерге барып, Наурыз мерекесімен құттықтады
20 Наурыз 2026                  88
METU қызметкерлері мектептерге барып, Наурыз мерекесімен құттықтады

2026 жылғы 20 наурызда METU университетінің қызметкерлері №146 мектеп-лицейі мен Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясына барды.

Сапар барысында университет өкілдері білім беру ұйымдарының директорларын Наурыз мерекесімен құттықтап, ұжымдарға ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, METU қызметкерлері мектептердің оқу үдерісімен танысып, оқу кабинеттері мен инфрақұрылымын аралап көрді. Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және мамандық бағыттары туралы ақпарат берілді.

Оқушылар оқуға түсу талаптары, студенттік өмір, академиялық ұтқырлық және болашақтағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы мәлімет алды.

Мұндай кездесулер мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.

Автор: Мусақызы Жания