Главная Новости METU «UNIDEM» орталығымен бірлесіп сынақ ҰБТ өткізді
30 Наурыз 2026                  88
METU «UNIDEM» орталығымен бірлесіп сынақ ҰБТ өткізді

2026 жылғы 29 наурызда METU университеті «UNIDEM» оқу орталығымен бірлесіп талапкерлерге арналған сынақ ҰБТ өткізді.

Тестілеу басталар алдында университет қызметкерлері мен белсенді студенттері METU университеті туралы презентация өткізіп, білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және студенттік өмір жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар талапкерлер өз сұрақтарына жауап алды.

Іс-шара соңында METU өкілдері талапкерлерге алдағы емтиханда сәттілік тілеп, жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Автор: Мусақызы Жания