Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының студенттері студенттер арасындағы олимпиадада жоғары нәтижелер көрсетті
20 Наурыз 2026                  75
«Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының студенттері студенттер арасындағы олимпиадада жоғары нәтижелер көрсетті

2026 жылдың 16-20 наурыз аралығында Алматы технологиялық университетінде «Компьютерлік инженерия» кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында «Бағдарламашы» атты олимпиада өтті.

Бұл сайыс IT саласындағы болашақ мамандардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және бағдарламалау дағдыларын тексеруге бағытталған.

Олимпиада барысында «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының атынан қатысқан студенттер өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті және келесі жетістіктерге жетті:

1-орын – Абдыкали Азат Русланұлы (РЭТ-23-1к)

2-орын – Омарова Айнара Русланқызы (РЭТ-23-1к)

3-орын – Алиева Салтанат Ерболқызы, Амангелді Медина Нұрғазықызы (РЭТ-23-1к)

Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін Қоштай Балайым Нұрсұлтанқызы, Бекберген Балауса Талғатқызы, Эгамбердиев Шухрат Бахтиёр Угли, Манапова Айым Дидарқызы, Абат Нұрғиса Адайбекұлы марапатталды.

Студенттерге ғылыми жетекшілік жасаған «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының оқытушысы Тәжібай Исатай Серікұлы да білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Бұл олимпиада студенттерге өз білімдерін шыңдауға және басқа оқу орындарының талантты жастарымен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларын тілейміз!