Главная Новости METU студенттеріне арналған Google семинары өтті
02 Сәуір 2026                  68
METU студенттеріне арналған Google семинары өтті

2026 жылғы 2 сәуірде METU университетінде студенттерге арналған Google компаниясының ресми өкілдері өткізген оқыту семинары өтті.

Семинар барысында қатысушыларға Google Workspace сервистерін оқу үдерісінде тиімді пайдалану мүмкіндіктері таныстырылды. Студенттер оқу барысында, жобалармен жұмыс істеуде және коммуникацияда қолдануға болатын заманауи цифрлық құралдар туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар Google сервистерін практикалық тұрғыда қолдану және оларды болашақ кәсіби қызметте пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, Google ұсынатын мүмкіндіктермен жақынырақ танысты.

Мұндай іс-шаралар студенттердің цифрлық дағдыларын дамытуға және білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Автор: Мусақызы Жания