Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU студенттері «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілікке қатысты
04 Сәуір 2026                  52
METU студенттері «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілікке қатысты

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті METU-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының студенттері кафедра меңгерушісімен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында университет аумағында өткен сенбілікке қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар университет аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып, таза, жайлы әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Осындай игі бастамалар студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілігін арттыруға және командалық рухын нығайтуға ықпал етеді. Сенбілікке қатысу METU жастарының маңызды қоғамдық бастамаларды қолдайтынын және қоршаған ортаны жақсартуға бейжай қарамайтынын көрсетті.

Біз бірге университетімізді таза, көрікті әрі жайлы ете түсеміз!