Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Таза Қазақстан» аясында студенттер сенбілікке қатысты
04 Сәуір 2026                  43
«Таза Қазақстан» аясында студенттер сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының студенттері университет аумағында ұйымдастырылған сенбілікке белсенді түрде қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыру және оқу орнының аумағын абаттандыру болып табылады.

Сенбілік барысында студенттер университет аумағын қоқыстан тазалап, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, ағаштар мен гүлзарлардың айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қатысушылар аумақты көркейтуге үлес қосып, тазалық пен тәртіптің маңыздылығын насихаттады. Студенттердің бірлескен еңбегі нәтижесінде университет аумағы айтарлықтай таза әрі көрікті бола түсті.

Мұндай шаралар жастардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін арттырып қана қоймай, ұжымдық жұмыстың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Экологиялық бастамаға қатысу арқылы студенттер қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Алдағы уақытта да кафедра студенттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысуды жоспарлап отыр.