Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Бағдарламалық инженерия кафедрасында ақылы негізде білім алып жүрген 13 студент оқу үлгерімінің жоғары нәтижелері мен академиялық жетістіктерінің арқасында білім беру грантына ие болды.
Бұл – студенттердің табандылығының, жауапкершілігінің және сапалы білімге деген ұмтылысының жарқын көрсеткіші. Әрбір грант иегері – кафедрамыздың мақтанышы, олардың жетістіктері біз үшін ерекше маңызды.
Кафедра ұжымы грант иегерлерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге жетіп, кәсіби дамуда биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреді.
Бағдарламалық инженерия кафедрасы әрбір студенттің әлеуетін дамытуға және олардың білім беру траекториясын қолдауға әрдайым дайын.