Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры БОРАЛДАЙДАҒЫ №54 МЕКТЕПТЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
06 Сәуір 2026                  49
БОРАЛДАЙДАҒЫ №54 МЕКТЕПТЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Бағдарламалық инженерия кафедрасының меңгерушісі, профессор Сакыпбекова Меруерт Жумабековна Алматы облысы, Боралдай кентіндегі №54 мектепте кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізіп қайтты.

Кездесу барысында оқушыларға қазіргі заманның ең сұранысқа ие бағыттарының бірі – бағдарламалық инженерия және ақпараттық технологиялар саласы кеңінен таныстырылды. Әсіресе, жасанды интеллект (Artificial Intelligence) тақырыбына ерекше назар аударылып, оның бүгінгі қоғамдағы рөлі мен болашағы жан-жақты түсіндірілді.

Профессор Сакыпбекова өз сөзінде:

жасанды интеллекттің медицина, білім беру, қаржы, қауіпсіздік және өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылып жатқанын;

болашақта IT мамандықтарына, әсіресе бағдарламалық инженерия бағытына сұраныстың арта түсетінін атап өтті.

Кездесу барысында оқушылар да белсенділік танытып, жасанды интеллектке қатысты өз қызығушылықтарын білдіріп, түрлі сұрақтар қойды. Олардың көпшілігі қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеруге ынталы екендерін көрсетті.

Іс-шараның интерактивті бөлігінде шағын ойын ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Белсенді қатысқан оқушыларға университет атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Аталған кездесу оқушылардың болашақ мамандықты таңдауда дұрыс бағыт алуына, сондай-ақ IT және жасанды интеллект салаларына деген қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізді.