Алматы сервис және технология колледжінің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған еркін күрестен республикалық турнирде Айтмағанбет Аслан жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Айтмағанбет Аслан – Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті (ПИ-23-1к). Ол тартысты бәсекеде өз шеберлігін, қайсарлығын және жеңіске деген жігерін айқын көрсете білді.
Еркін күрес – тек физикалық күшті ғана емес, сонымен қатар төзімділік, жылдамдық пен тактикалық ойлауды талап ететін спорт түрі. Осындай жоғары деңгейдегі жарыста жүлделі орын алу – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі.
Студентіміздің бұл жетістігі – университетіміз үшін зор мақтаныш. Біз Асланды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!