2026 жылғы 15 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Экономика және
бизнес» кафедрасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері
арасында жыл сайынғы «Бизнес акулалары
– 2026» республикалық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік жобалар
байқауын өткізді.
Іс-шара
аралас форматта өтті: Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде
офлайн және ZOOM платформасы
арқылы онлайн ұйымдастырылып, еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген
қатысушыларды біріктірді.
Байқау
қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеген «Экономика
және бизнес» кафедрасының меңгерушісі Дильдебаева Жұлдыз Тұрсынқызы студент
жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды, инновациялық көзқарасты және жобалық
қызметті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол «Бизнес акулалары»
байқауы болашағы зор бизнес-идеяларды анықтауға, жастар бастамаларын қолдауға
және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған
тиімді алаң екенін ерекше атап өтті.
Байқау комиссиясының құрамы:
2026 жылы
байқауға Қазақстанның 8 жоғары оқу
орнынан 24 команда, жалпы саны 59
студент қатысты.
Қатысушылар
өздерінің бизнес-жобаларын мультимедиялық презентациялар форматында ұсынып,
жоғары дайындық деңгейін, креативтілікті, инновациялық ойлауды және идеяларының
практикалық маңыздылығын көрсетті. Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша
бағаланды: идеяның бірегейлігі, жобаның өзектілігі, бизнес-жоспар сапасы,
қаржылық-экономикалық негіздеме, маркетингтік стратегия және таныстыру деңгейі.
Байқау қорытындысы бойынша
жеңімпаздар:
I дәрежелі диплом
II дәрежелі диплом
III дәрежелі диплом
Барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталып, жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Экономика және бизнес» кафедрасы барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және байқау комиссиясының мүшелеріне белсенді қатысқандары, жоғары дайындық деңгейі және жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
«Бизнес акулалары – 2026» байқауы студенттік бастамаларды қолдау, инновациялық идеяларды дамыту және болашақ бизнес көшбасшыларын қалыптастырудағы маңызын тағы да дәлелдеді.