МИТУ-ДА «ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ – 2026» АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
2026 жылғы 15 сәуір күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Ғылым онкүндігі – 2026» аясында кезекті мазмұнды іс-шаралар өтті.
Аталған күн аясында университет қабырғасында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен таныстырылып, «МИТУ-дың үздік жас зерттеушісі – 2026» байқауы және Start-Up жобалар конкурсы шеңберінде конкурстық комиссия алдында жобалар қорғауы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Өрттердің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері» тақырыбында ашық дәріс өткізіліп, қатысушыларға қауіпсіздік саласындағы жаңа технологиялар мен әдістер таныстырылды.
Күн бағдарламасы аясында «Маркетингтік стратегияны нөлден қалай құруға болады: идеядан алғашқы сатылымға дейін» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылып, студенттер мен жас кәсіпкерлерге практикалық бағыттағы құнды білім ұсынылды.
Іс-шаралар білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталды.