Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры МИТУ-ДА «ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ – 2026» АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР МЕН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
14 Сәуір 2026                  43
МИТУ-ДА «ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ – 2026» АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР МЕН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
2026 жылғы 14 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Жасанды интеллект дәуірінде ғылым мен технологиялардың дамуы» тақырыбындағы «Ғылым онкүндігі – 2026» аясында бірқатар маңызды ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды. Күн аясында BioAI Lab бастамасымен «Биотехнологиядағы инновациялық әдістер» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Велямов Масимжан Турсунович оқыды. Іс-шара барысында биотехнология саласындағы заманауи ғылыми бағыттар, инновациялық тәсілдер және олардың қолданбалы маңызы кеңінен таныстырылды.

Сондай-ақ, университеттің Ғылыми кітапханасының конференц-залында «Машиналық оқыту мен робототехникалық жүйелердегі заманауи сын-қатерлер мен әдістер» атты ғылыми семинар өтті. Семинар бағдарламасы аясында машиналық оқытудағы нәтижелердің қайта өндірілуі, деректерді бөлу мен метрикаларды таңдау мәселелері, автономды гетерогенді роботтарды іздестіру-құтқару операцияларында үйлестіру құрылымдарын әзірлеу, SCORM Agents тақырыбы және ғылымдағы үлкен тілдік модельдерді (LLM) практикалық қолдану бойынша баяндамалар ұсынылды. Семинарда PhD, қауымдастырылған профессор Аршын Алтыбай, қауымдастырылған профессор Ибраев Айдос Саятұлы, PhD, профессор Гульшат Аманжоловна Амирханова, сондай-ақ «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының лекторы Нұртуған Ғалымжан Бауыржанұлы баяндама жасады. Іс-шара соңында қатысушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қорытынды жасалды.

Аталған іс-шаралар университеттегі ғылыми ортаны дамытуға, пәнаралық байланысты нығайтуға және жас зерттеушілердің заманауи технологиялар саласындағы білімін тереңдетуге бағытталды.