Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры Инженериядағы цифрлық шешімдер: тұрақты энергетикаға арналған ғылыми баяндамалар
17 Сәуір 2026                  36
Инженериядағы цифрлық шешімдер: тұрақты энергетикаға арналған ғылыми баяндамалар

   16–17 сәуір күндері Ғылым онкүндігі аясында «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасында «Энергетиканың тұрақты дамуына арналған цифрлық және инженерлік технологиялар» бағдарламасы шеңберінде студенттер мен магистранттардың ғылыми баяндамалар секциясы өтті.

   Іс-шара барысында қатысушылар заманауи цифрлық шешімдер мен инженерлік технологиялардың энергетика саласын дамытудағы рөліне қатысты өз ғылыми зерттеулерін ұсынды.

   Секция жұмысы ғылыми пікірталас форматында өтіп, жас зерттеушілер өз идеяларын қорғап, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті ғылыми мәселелер бойынша ашық талқылау жүргізілді.

   Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыру, инновациялық ойлау қабілетін дамыту және тұрақты энергетика саласындағы өзекті бағыттарды талқылау болды.