2026 жылғы 25
сәуір күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, «Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер және әлем тілдері» кафедрасының «Қазақ тілі» пәні оқытушысы
М.Игілікованың жетекшілігімен «Сөз құдіреті» әдеби-танымдық клубының
қатысушылары, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Жеміс-көкөніс
шаруашылығы және топырақтану», «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және
инжиринг» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері Ғ.Мүсірепов
атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
сахнасында Ш.Айтматовтың “Қызыл орамалды шынарым” шығармасының желісі бойынша
қойылған спектакльді тамашалады.
Мәдени іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, театр өнері арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру, сондай-ақ өзге ұлт өкілдері студенттерінің қазақ тіліндегі коммуникативтік және мәдени-танымдық құзыреттіліктерін жетілдіру болды. Қойылым барысында махаббат, адалдық, жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар сахналық интерпретация арқылы терең ашылып, студенттердің көркем туындыны қабылдау және талдау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Қойылым соңында студенттер ерекше көңіл күйге бөленіп, кейіпкерлер тағдырына жанашырлық танытып, өзара пікір алмасу барысында алған әсерлерімен бөлісті. Көптеген студент қойылымның мазмұны терең ой салғанын, адамгершілік құндылықтарды қайта зерделеуге ықпал еткенін атап өтті. Аталған мәдени-танымдық іс-шара олардың тілдік, мәдени-эстетикалық құзыреттілігін арттыруға және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.