Главная Студентам Студенческие новости «Jas Power: AI дәуіріндегі азаматтық сана» – идеялар мен мүмкіндіктер алаңы
02 Мамыр 2026                  19
«Jas Power: AI дәуіріндегі азаматтық сана» – идеялар мен мүмкіндіктер алаңы

Форумның үшінші, яғни қорытынды күні мазмұнды бағдарламасымен және ерекше атмосферасымен есте қалды. «Jas Power: AI дәуіріндегі азаматтық сана» атты дәстүрлі XXI республикалық студенттер форумы өз мәресіне жоғары деңгейде жетіп, қатысушыларға жарқын әсер сыйлады.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері форум барысында белсенділік танытып, өздерінің білімдері мен креативті ойлау қабілеттерін сәтті көрсете білді. Олар түрлі алаңдарда өз идеяларын ұсынып, пікірталастарға қатысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігін тиімді пайдаланды.

Соңғы күн бағдарламасы аясында «Q-idea» жобалар байқауы өтіп, қатысушылар өздерінің инновациялық бастамаларын таныстырды. Ұсынылған жобалар қоғамның өзекті мәселелерін қамтып, заманауи шешімдер ұсынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар, «IQup» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылып, студенттер білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

Форумның жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі ерекше әсерлі өтті. Белсенділік танытқан және үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.

Жалпы, форум студенттер үшін жаңа идеяларға серпін беріп, кәсіби және тұлғалық дамуға жол ашқан маңызды алаңға айналды. Мұндай кездесулер жастардың әлеуетін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз.