Главная Новости «SkyWings» командасы АҚШ-та өткен халықаралық дрон-футбол турнирінде алтын және күміс жүлдеге ие болды
02 Мамыр 2026                  33
«SkyWings» командасы АҚШ-та өткен халықаралық дрон-футбол турнирінде алтын және күміс жүлдеге ие болды

2026 жылғы 1–2 мамырда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Палм-Спрингс қаласында дрон-футбол бойынша ірі халықаралық турнирлердің бірі — «Palm Springs Drone Fest 2026» өтті.

Жарысқа АҚШ, Канада, Мексика және Ямайка сияқты елдердің командалары қатысты. Ақтөбе қаласындағы Kemel Bilim халықаралық мектебінің оқушылары құрған «SkyWings» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, турнирдің алтын және күміс жүлделерін жеңіп алды.

Дрон-футбол — қатысушылар арнайы қорғаныс торымен қапталған дрондарды басқарып, қарсылас қақпасына гол соғатын заманауи командалық спорт түрі. Турнир Халықаралық дрон-футбол федерациясының (FIDA) қолдауымен өткізіліп, Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болды.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті METU «SkyWings» командасына «FIDA USA Grand Nationals Drone Soccer Tournament 2026» халықаралық турниріне қатысу аясында демеушілік және имидждік қолдау көрсетті.

Осындай бастамаларды қолдау инновациялық технологияларды дамытуға, инженерлік білімді ілгерілетуге және талантты жастарды халықаралық деңгейде қолдауға мүмкіндік береді.

Автор: Мусақызы Жания