Главная Новости METU студенттері «Білімнің жұлдызы» шәкіртақы байқауына қатыса алады
05 Мамыр 2026                  43
METU студенттері «Білімнің жұлдызы» шәкіртақы байқауына қатыса алады

«Dauletten» қайырымдылық қоры Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Білімнің жұлдызы» шәкіртақы байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

2026 жылы 200 жеңімпаз анықталып, оларға 100 000 теңге көлемінде бір реттік ақшалай сыйақы беріледі.

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары — колледждер мен жоғары оқу орындарының 1–3 курс студенттері қатыса алады. Үміткерлер мемлекеттік немесе өзге білім беру грантының иегері болмауы, кемінде бір академиялық семестрді аяқтауы қажет. ЖОО студенттері үшін GPA көрсеткіші 2.5 және одан жоғары болуы тиіс.

Шәкіртақы әлеуметтік осал санаттағы студенттерге арналған. Олардың қатарында жетім балалар, толық емес және көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер, мүгедектігі бар студенттер және аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылар бар.

Өтінім қабылдау 13 сәуір сағат 09:00-ден 17 сәуір сағат 23:59-ға дейін www.dauletten.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.

Қатысу үшін жеке куәлік, оқу орнынан анықтама, мөр қойылған транскрипт немесе ведомость, әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттар, жетістіктер және «Мен неге бұл шәкіртақыға лайықпын?» тақырыбында қазақ тілінде мотивациялық хат қажет.

METU университеті студенттерге байқау шарттарымен танысып, бағдарламаға қатысуға кеңес береді.

Автор: Мусақызы Жания