Дәрісті техника ғылымдарының магистрі, лектор Нұртуған Ғалымжан Бауыржанұлы жүргізді. Дәріс барысында студенттер жасанды интеллект пен машиналық оқытудың негізгі ұғымдарымен танысып, нейрондық желілердің пайда болу тарихы, алғашқы перцептронның құрылымы және оның заманауи интеллектуалды жүйелердің дамуындағы рөлі туралы маңызды ақпарат алды.
Сонымен қатар, нейрондық желілердің қазіргі IT саласындағы, деректерді талдау, компьютерлік көру және интеллектуалды шешім қабылдау жүйелеріндегі қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді. Студенттер дәріс барысында белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Осындай танымдық дәрістер студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.