Дәрісті техника ғылымдарының магистрі, лектор Қазыбетов Ақназар жүргізді. Дәріс барысында студенттер Data Science бағытының негізгі ұғымдарымен, деректерді талдау әдістерімен және Machine Learning технологияларының жұмыс істеу принциптерімен танысты. Сонымен қатар, машиналық оқытудың қазіргі таңда әртүрлі салаларда — бизнес аналитикада, медицинада, қаржы секторында, ақпараттық қауіпсіздік пен интеллектуалды жүйелерде кеңінен қолданылып жатқаны туралы айтылды. Студенттерге нақты мысалдар мен заманауи технологиялар көрсетіліп, жасанды интеллекттің даму перспективалары түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, практикалық жобалар мен IT саласындағы заманауи трендтер бойынша пікір алмасты. Осындай дәрістер білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, цифрлық технологиялар саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.