Дәрісті қауымдастырылған профессор Ахметов Тимур Каримович жүргізді. Дәріс барысында студенттер блокчейн технологиясының негізгі қағидаларымен, оның экономика мен цифрлық индустриядағы рөлімен, сондай-ақ NFT Marketplace платформаларының жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, блокчейн технологияларын пайдалана отырып ойын әзірлеудің заманауи тәсілдері қарастырылып, GameFi, цифрлық активтер, смарт-келісімшарттар және Web3 технологиялары туралы кеңінен ақпарат берілді. Студенттерге блокчейннің қауіпсіздік, ашықтық және цифрлық экономикадағы мүмкіндіктері туралы практикалық мысалдар ұсынылды.
Кездесу барысында білім алушылар жаңа технологиялар саласындағы өзекті сұрақтарын қойып, IT индустриясындағы заманауи бағыттар бойынша пікір алмасты. Осындай дәрістер студенттердің кәсіби дамуына ықпал етіп, инновациялық технологияларға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.