Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттеріне арналған «Қолданбалы деректерді өңдеу есептерінде заманауи параллельді есептеулерді пайдалану» тақырыбында ашық дәріс өткізілді.
19 Мамыр 2026                  62
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттеріне арналған «Қолданбалы деректерді өңдеу есептерінде заманауи параллельді есептеулерді пайдалану» тақырыбында ашық дәріс өткізілді.

Дәрісті PhD докторы Қаржаубаев Қайыржан Каналбекұлы жүргізді. Кездесу барысында студенттер заманауи параллельді есептеулердің негізгі қағидаларымен, жоғары өнімді есептеу жүйелерінің мүмкіндіктерімен және үлкен көлемдегі деректерді өңдеудегі рөлімен танысты. Дәріс барысында параллельді есептеулердің ғылыми зерттеулерде, жасанды интеллект жүйелерінде, Big Data технологияларында және инженерлік есептерді шешудегі қолданылу ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, көпағынды өңдеу, графикалық процессорларды (GPU) пайдалану және жоғары өнімді есептеу архитектуралары жөнінде ақпарат берілді.

Студенттерге нақты практикалық мысалдар көрсетіліп, деректерді жылдам әрі тиімді өңдеудің заманауи әдістері талқыланды. Кездесу барысында білім алушылар өз сұрақтарын қойып, цифрлық технологиялар мен есептеу жүйелерінің болашағы жөнінде пікір алмасты. Осындай ғылыми-танымдық дәрістер студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін тереңдетуге және заманауи IT бағыттарына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.