2026 жылғы 22 мамырда
METU университеті «UNIDEM» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға
қол қойды.
Серіктестік аясында
университет оқу орталығының түлектеріне 3 ректор грантын және оқу ақысының
бірінші жылына 20% жеңілдік ұсынды.
Меморандумға METU
университетінің ректоры Ақпанбетов Дархан Берікұлы пен «UNIDEM» оқу
орталығының бас директоры Карякин Роман Вячеславович қол қойды.
Ынтымақтастық білім беру саласындағы өзара байланысты дамытуға, талантты талапкерлерді қолдауға және сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Автор: Мусақызы Ж.