Главная Новости METU «OkBolashak» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
22 Мамыр 2026                  59
METU «OkBolashak» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 22 мамырда METU университеті «OkBolashak» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік аясында университет оқу орталығының түлектеріне 1 ректор грантын және оқу ақысының бірінші жылына 20% жеңілдік ұсынды.

Меморандумға METU университетінің ректоры Ақпанбетов Дархан Берікұлы пен «OkBolashak» білім беру орталығының негізін қалаушы Коробова Любовь Николаевна қол қойды.

Меморандум талантты талапкерлерді қолдауға және сапалы білім алу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған ынтымақтастықтың маңызды қадамы болды.

Автор: Мусақызы Ж.