Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) «Таза сессия» акциясы аясында білім алушылар арасында анонимді сауалнама жүргізу басталды.
Аталған сауалнама академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және студенттердің оқу үдерісіне қатысты пікірлерін анықтауға бағытталған. Сауалнама барысында білім алушылар оқу процесінің ашықтығы, емтихан тапсыру тәртібі, оқытушылармен қарым-қатынас және академиялық ортадағы әділдік деңгейі бойынша өз ойларын еркін білдіре алады.
«Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – сессия кезеңінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
METU студенттерін сауалнамаға белсенді қатысуға шақырамыз. Әрбір пікір мен ұсыныс университеттегі академиялық мәдениетті жетілдіруге және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Бірге әділ әрі ашық білім беру кеңістігін қалыптастырайық!