Главная Новости Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталды
01 Маусым 2026                  153
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталды

2026 жылғы 1 маусымнан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.

Өтініштер 2026 жылғы 8 шілдеге дейін app.testcenter.kz сайты арқылы қабылданады. Тестілеудің өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат 2026 жылғы 14 шілдеде жарияланады.

METU университеті жоғары оқу орны түлектерін магистратурада білімін жалғастыруға шақырады.

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу кезінде METU университетін таңдаған, бірақ грант иегері атанбаған талапкерлер үшін университет магистратураның барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқу ақысына 50% жеңілдік ұсынады.

Біліміңізді жетілдіріп, кәсіби дамуыңызды жалғастыру үшін METU университетін таңдаңыз.

Автор: Мусақызы Ж.