2026 жылғы 31 мамырда METU университетінің өкілдері «UNIDEM»
оқу орталығы түлектеріне сертификаттар табыстауға арналған салтанатты іс-шараға
қатысты.
Іс-шара барысында университет өкілдері түлектерді
оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, METU университетінің атынан имидждік
сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ іс-шара аясында «UNIDEM» оқу орталығы
жемісті ынтымақтастық, білім беру бастамаларын қолдау және кәсіби бағдар беру
жұмысына қосқан үлесі үшін METU университетіне алғыс сертификатын табыстады.
Сонымен қатар университет қызметкерлері оқу
орталығының оқушыларымен кездесіп, METU университетінде білім алу
мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары және оқуға түсу шарттары туралы
ақпарат беріп, болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Осындай іс-шаралар университеттің болашақ талапкерлермен байланысын нығайтып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.
Автор: Мусақызы Ж.