Главная Новости METU жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының бас демеушісі болды
04 Маусым 2026                  60
METU жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының бас демеушісі болды

2026 жылғы 4 маусымда еліміздің әр өңірінен келген дарынды спортшылардың басын қосқан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті METU бас демеуші ретінде қолдау көрсетті. Университет жастардың дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған білім беру, әлеуметтік және спорттық бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары спорттық шеберлік, мықты мінез және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Алматы қалалық кикбоксинг федерациясының Құрметті президенті Руслан Жұмағұлов өз сөзінде кикбоксингтің жас спортшылардың бойында тәртіпті, қарсыласқа құрметті, ерік-жігерді және адал жеңіске деген ұмтылысты қалыптастыратынын атап өтті.

Осындай іс-шараларды қолдау арқылы METU жастар спортының дамуына және өскелең ұрпақтың жан-жақты қалыптасуына өз үлесін қосуда.

https://www.youtube.com/watch?v=rwKqKPON8SU

Автор: Мусақызы Ж.