Главная Студентам Студенческие новости METU студенті Михаил Климачёв Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
16 Маусым 2026                  160
METU студенті Михаил Климачёв Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2026 жылғы 6–14 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы, Корумду қаласында өткен XXIV Asian Armwrestling Championship және XXIII Asian Para-Armwrestling Championship халықаралық жарыстарында METU студенті, қазақстандық спортшы Михаил Климачёв жоғары нәтиже көрсетіп, Youth Men 55 kg / Right санатында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан намысын абыроймен қорғаған Михаил Климачёв өзінің шеберлігі мен табандылығының арқасында жарыс жеңімпазы атанып, еліміздің халықаралық спорт аренасындағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл жетістік – спортшының қажырлы еңбегі мен үздіксіз дайындықтарының жемісі. Сонымен қатар, оның жеңісі жастарға үлгі болып, Қазақстандағы армрестлинг спортының дамуына жаңа серпін береді.

METU ұжымы Михаил Климачёвті және Қазақстан құрамасын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!