Главная Новости METU «KursAnt School» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
16 Маусым 2026                  47
METU «KursAnt School» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

METU университеті «KursAnt School» оқу орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік аясында университет оқу орталығының түлектеріне 1 ішкі ректор грантын және оқу ақысының бірінші жылына 20% жеңілдік ұсынды.

Меморандум білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, талантты талапкерлерді қолдауға және сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Бұл серіктестік оқу орталығы түлектеріне METU университетіне түсу кезінде қосымша мүмкіндіктер ұсынып, сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша білімін жалғастыруға жол ашады.

Автор: Мусақызы Ж.