Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОИНФОРМАТИКА: 2026 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР
10 Маусым 2026                  11
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОИНФОРМАТИКА: 2026 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР

2026 жылғы 2–10 маусым аралығында кафедрада «6B05101 – Биотехнология» және «6В05102 – Биоинженерия және биоинформатика» білім беру бағдарламалары түлектерінің қорытынды аттестаттауы өткізілді. Қорытынды аттестаттау бейіндік пәндер бойынша кешенді емтихан мен дипломдық жұмыстарды қорғауды қамтыды.

«6B05101 – Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттауға 35 студент жіберілді. Кешенді емтиханды 14 түлек тапсырды: олардың 1-еуі «өте жақсы», 12-сі «жақсы», 1-еуі «қанағаттанарлық» баға алды. Дипломдық жұмыстарын 21 түлек сәтті қорғады, оның ішінде 13 студент «өте жақсы», 8 студент «жақсы» бағаға ие болды.

Комиссия түлектердің дайындық деңгейінің жоғары екенін, ұсынылған зерттеулердің өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Үздік дипломдық жұмыстардың қатарында Сапақова Әсел Мұратқызы мен Жақсылық Әнел Бағланқызының зерттеулері аталды. Кубытаева Фариза Абаевнаның «1 типті қант диабетінің генетикалық қауіп факторларын GWAS-талдау» тақырыбындағы жұмысы ерекше бағаланды. Комиссия зерттеудің жоғары ғылыми деңгейін, геномдық деректерді талдау барысында заманауи биоинформатикалық әдістер мен жасанды интеллект элементтерінің қолданылуын жоғары бағалады.

«6В05102 – Биоинженерия және биоинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттауға 2 студент жіберілді. Бір түлек кешенді емтиханды сәтті тапсырып, «жақсы» бағасын алды. Зинатдинова Гүлшат Жолдасбайқызы дипломдық жұмысын «өте жақсы» бағаға қорғады. Оның «Қауын өнімдерінен биотехнологиялық жолмен өнім өндіруді әзірлеу және олардың сапалық көрсеткіштерін зерттеу» тақырыбындағы зерттеуі жылдың үздік жұмыстарының бірі ретінде танылды. Қорғау барысында түлек теориялық және практикалық даярлығының жоғары деңгейін, заманауи биотехнологиялық зерттеу әдістерін меңгергендігін және нәтижелерді талдау дағдыларын көрсетті.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша екі білім беру бағдарламасының түлектері қажетті кәсіби құзыреттерге ие екендігі, жақсы теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгергендігі және әрі қарайғы ғылыми әрі кәсіби қызметке дайын екендігі атап өтілді. Түлектердің бір бөлігі магистратурада оқуын жалғастыру үшін құжаттарын тапсырды.