29 маусым күні Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын дамытуға
және талапкерлерді тартуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге Алғыс хаттарды
салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Марапаттарды университет ректоры
табыстап, кәсіби шеберлігі, бастамашылдығы және университеттің дамуына қосқан
зор үлесі үшін өз ризашылығын білдірді.
Жоғары кәсібилігі, кәсіби бағдар беру
жұмысына белсенді қатысқаны және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс
хаттармен төмендегі оқытушылар марапатталды:
Кәсіби бағдар беру қызметі университет
жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оқытушылар мен
қызметкерлердің жүйелі жұмысының арқасында болашақ талапкерлер білім беру
бағдарламаларымен, оқу жағдайларымен, университеттің ғылыми және студенттік
өмірімен танысып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік алады.
Алғыс хаттарды табыстау – марапат
иелерінің кәсіби жетістіктері мен жауапкершілігін, сондай-ақ олардың белсенді
азаматтық ұстанымын жоғары бағалаудың айқын көрінісі. Олардың еңбегі
университеттің беделін арттыруға, мектептер мен колледждермен ынтымақтастықты
нығайтуға және дарынды әрі ынталы талапкерлерді тартуға зор ықпал етеді.