Главная Новости «Ғарышқа жол ашқан тұңғыш қазақ – Тоқтар Әубәкіров»
10 Шілде 2026                  68
«Ғарышқа жол ашқан тұңғыш қазақ – Тоқтар Әубәкіров»

     Ғылыми кітапханада қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен еңбек жолына арналған «Ғарышқа жол ашқан тұңғыш қазақ – Тоқтар Әубәкіров» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарды Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолымен, ғарыш саласының дамуына қосқан үлесімен таныстыру, жастардың ғылымға қызығушылығын арттырып, елге қызмет етудің үлгісін насихаттау.Көрмеде ғарышкердің өмірі мен кәсіби қызметі туралы кітаптар, энциклопедиялық басылымдар, мақалалар және фотоматериалдар ұсынылды. Ұсынылған әдебиеттер арқылы оқырмандар қазақтың тұңғыш ғарышкерінің тарихи ерлігі мен ел дамуына қосқан үлесі туралы жан-жақты мәлімет ала алады. Кітап көрмесі оқырмандарды ұлттық мақтанышымыз Тоқтар Әубәкіровтің өнегелі өмір жолымен таныстырып, отансүйгіштік пен білімге ұмтылу құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.