Главная Новости МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ
21 Шілде 2026                  42
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Ол 10 тамызға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер 1 маусым мен 8 шілде аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында қабылданды.

Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш қабылданды (2025 жылы – 51 мың). Ең көп таңдалған білім беру бағыттарының қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Бизнес, басқару және құқық» бар.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Тестілеуге 3 сағат 55 минут уақыт беріледі.

Шекті балл – 75 балл. Оның ішінде:

  • шет тілі бойынша – кемінде 25 балл;
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
  • бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл;
  • екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл.

Бейінді магистратураға түсуді жоспарлаған талапкерлер тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Бұл жағдайда шекті балл 30 баллды құрайды, оның ішінде бірінші және екінші бейінді пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 7 баллдан жинау қажет.

 Толығырақ: gov.kz