Главная Новости ХИТУ IQAA-2026 рейтингінде үздік техникалық ЖОО-лардың топ-10 қатарына енді
24 Шілде 2026                  67
ХИТУ IQAA-2026 рейтингінде үздік техникалық ЖОО-лардың топ-10 қатарына енді

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) Қазақстан жоғары оқу орындарының 2026 жылғы институционалдық рейтингін жариялады. Зерттеу нәтижелері бойынша Халықаралық инженерлік-технологиялық университет еліміздің техникалық жоғары оқу орындары арасында 6-орынға ие болды.


​Рейтинг методологиясы академиялық және ғылыми көрсеткіштерді, цифрландыруды, халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ студенттер, түлектер және жұмыс берушілер арасындағы сараптамалық сауалнамаларды кешенді талдауға негізделген.

​Үздік техникалық ЖОО-лардың топ-10 қатарына енуі білім беру бағдарламаларының, ғылыми зерттеулердің, инновациялар мен серіктестік байланыстардың жүйелі дамуының нәтижесі болып табылады.

​Бұл нәтиже - университет ұжымының үйлесімді жұмысының, жаңа жетістіктерге ұмтылуының және таңдалған даму стратегиясының дұрыстығының айқын дәлелі. IQAA-2026 рейтингіндегі жетістік МИТУ-дің Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі жоғарғы  позицияларын растайды.

Бәріміз бірге жаңа биіктерге жетейік!