2026 жылғы 9
шілдеде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетіне (METU) Қазақстанның
тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық
Қаһарманы, Халықаралық инженерлік академиясының академигі Тоқтар Оңғарбайұлы
Әубәкіров арнайы келді.
Кездесу
барысында құрметті қонақ университет басшылығымен және қызметкерлерімен
жүздесіп, білім беру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және болашақ мамандарды
даярлаудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар студенттерге
сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан дамып, ел игілігі үшін еңбек етуге ақжарма
тілегін білдірді.
METU Тоқтар
Оңғарбайұлына университетке арнайы келіп, білім беру бастамаларын қолдап,
студенттерге айтқан тағылымды тілектері үшін шынайы алғысын білдіреді.
Осындай кездесулер студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына оң ықпал етіп, оларды биік мақсаттарға ұмтылуға шабыттандырады.
Автор: Мусақызы Ж.