Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU оқытушылары жасанды интеллект бойынша халықаралық симпозиумға қатысты
19 Тамыз 2026                  64
METU оқытушылары жасанды интеллект бойынша халықаралық симпозиумға қатысты

       2026 жылғы 18–19 тамызда «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Қытай–Қазақстан: интеллектуалды есептеулер және жасанды интеллект саласындағы инновациялар» халықаралық симпозиумына қатысты.

       Симпозиум Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындары, ғылыми қауымдастық және IT саласы өкілдерінің басын қосты. Іс-шара аясында сарапшылар жасанды интеллект саласындағы өзекті зерттеулер, заманауи технологиялар және оның даму перспективалары туралы баяндамалар жасады.

     Бағдарламаның практикалық бөлімдерінің бірі Alibaba Cloud мамандарының AI-агенттерге және оларды заманауи интеллектуалды жүйелерде қолдану мүмкіндіктеріне арналған семинары болды.

        Симпозиумға қатысу оқытушыларға жасанды интеллект саласындағы заманауи үрдістермен танысуға, кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жетекші университеттер мен IT-индустрия өкілдерімен ғылыми және академиялық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.