Главная Новости METU студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды
27 Тамыз 2026                  79
METU студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

METU студенттері университеттің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында бір семестр білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтай алады.

Қазіргі уақытта келесі университеттер бойынша академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері ашық:

1. Poznan University of Technology, Польша

Познань технологиялық университеті — Польшаның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі және METU-дің ресми серіктесі.

Студенттер кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламаларының каталогымен келесі сілтеме арқылы таныса алады:
https://incoming.put.poznan.pl/en/

Аталған университетке келесі білім беру бағдарламалары мен бағыттар бойынша студенттер бара алады:

  • Бағдарламалық инженерия;
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
  • Автоматтандыру және басқару;
  • Тағам технологиялары, агротехнологиялар және аралас бағыттар;
  • Бизнес, менеджмент, есеп және экономика;
  • Туризм.

2. Universidad Austral, Аргентина

Universidad Austral 2027 жылғы көктемгі семестрге шетелдік серіктес университеттердің студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасына шақырады.

Оқу мерзімі:

  • ағылшын тіліндегі курстар: 2027 жылғы 25 ақпаннан 30 маусымға дейін;
  • испан тіліндегі курстар: 2027 жылғы 25 ақпаннан 31 шілдеге дейін.

Номинация тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 1 қазанға дейін.
Студенттердің жеке өтінім тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 15 қазанға дейін.

Номинация формасы:
https://forms.gle/LeA31DDFzdCPSJo38

Курстар, талаптар және тұру бойынша ақпарат:
https://www.austral.edu.ar/programas-internacionales/incoming/

Аталған университетке келесі білім беру бағдарламалары мен бағыттар бойынша студенттер бара алады:

  • Бизнес және басқару;
  • Экономика және кәсіпкерлік;
  • Инновациялық IT-технологиялар және экономика;
  • Бағдарламалық инженерия;
  • Биотехнология және аралас бағыттар;
  • Тағам технологиялары және тағам өндірісі.

3. Universiti Teknologi MARA, Малайзия

Universiti Teknologi MARA (UiTM) шетелдік студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Тіркелу сілтемесі:
https://mobiliti.uitm.edu.my/

Аталған университетке келесі білім беру бағдарламалары мен бағыттар бойынша студенттер бара алады:

  • Бағдарламалық инженерия;
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
  • Автоматтандыру және басқару;
  • Химиялық инженерия;
  • Тағам технологиялары, агротехнологиялар және аралас бағыттар;
  • Бизнес, менеджмент, есеп және экономика;
  • Туризм.

Маңызды ақпарат

Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін студент таңдаған пәндер өзінің білім беру бағдарламасына сәйкес болуы қажет. Пәндер тізімі міндетті түрде выпускающая кафедрамен және METU Халықаралық ынтымақтастық департаментімен келісіледі.

Қатысуға ниетті студенттер Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласып, өтінім беру тәртібі, қажетті құжаттар және оқу пәндерін таңдау бойынша кеңес ала алады.

Академиялық ұтқырлық — бұл шетелдік университетте білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтауға, тілдік дағдыларды дамытуға және кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған бірегей мүмкіндік.