1 қыркүйек – Білім күніне орай METU университетінде жаңа 2026–2027 оқу жылы басталды.
Жаңа оқу жылының басталуы – студенттер үшін жаңа білім, тың мүмкіндіктер мен маңызды мақсаттарға бастайтын жаңа кезең. Әсіресе университет табалдырығын алғаш аттаған 1-курс студенттері үшін бұл күн студенттік өмірдің жаңа белесінің бастауы болды.
Білім күні аясында METU университетінің ректоры Ақпанбетов Дархан Берікұлы жаңадан оқуға қабылданған студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі.
Сонымен қатар, жаңадан қабылданған студенттер өздері білім алатын кафедралардың құрамымен танысып, кафедра оқытушылары мен академиялық орта туралы ақпарат алды. Бұл студенттердің университеттің оқу үдерісіне бейімделіп, таңдаған білім беру бағдарламасы мен алдағы оқу кезеңі туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Жаңа оқу жылын бастау аясында университет тарапынан грант иегерлеріне ноутбуктер табысталды. Бұл – студенттерге қолдау көрсетіп, олардың оқу үдерісіне қажетті заманауи технологияларды пайдалануына жағдай жасауға бағытталған маңызды бастама.
Жаңа оқу жылы METU студенттері үшін жаңа білім мен тәжірибеге, қызықты жобалар мен жарқын бастамаларға толы болмақ.
METU университеті барша студенттер мен оқытушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды!
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктердің бастауы болсын!