5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Осы мерекеге орай METU Ғылыми кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның еңбектері, ғылыми зерттеулер мен танымдық басылымдар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Сондай-ақ университеттің 1-курс студенттерімен танымдық-диалог алаңы өткізіліп, тілдің қоғамдағы рөлі, мемлекеттік тілдің мәртебесі және көпұлтты Қазақстандағы тілдерге құрмет мәселелері талқыланды. Студенттер өз пікірлерін еркін білдіріп, білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.
Тіл – халықтың тарихы мен мәдениетін, рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Сондықтан ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді құрметтеу – әр азаматтың парызы.