Главная Новости METU ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫНА ОЙЫНШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӨТТІ!
12 Қыркүйек 2026                  43
METU ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫНА ОЙЫНШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӨТТІ!

12 қыркүйек күні METU волейбол командасының жаңа құрамына ойыншыларды іріктеу өткізілді.

Іріктеу барысында студенттер өздерінің ойын шеберлігін, физикалық дайындығын, жылдамдығын, техникасын және командалық жұмыс қабілетін көрсетті. 


Әрбір қатысушы алаңда өз мүмкіндігін көрсетіп, спортқа деген қызығушылығы мен жеңіске деген жігерін байқатты. Ойын барысында студенттердің доп қабылдау, беру, шабуылдау, қорғаныс және командалық үйлесімділігіне ерекше назар аударылды.

Іріктеу — тек үздік ойыншыларды анықтау ғана емес, сонымен қатар бір мақсатқа ұмтылатын мықты әрі ұйымшыл команданы қалыптастырудың алғашқы қадамы болды. 

Жарысқа деген қызығушылық танытып, команда құрамына қосылуға ниет білдірген барлық студенттерге алғыс білдіреміз! 

Алда — жаңа жаттығулар, маңызды ойындар, тартысты жарыстар және үлкен жеңістер!