Главная Новости METU ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНА ОЙЫНШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӨТТІ!
11 Қыркүйек 2026                  58
METU ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНА ОЙЫНШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӨТТІ!

11 қыркүйек күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде футбол командасының жаңа құрамына ойыншыларды іріктеу өтті.

Іріктеу барысында университет студенттері өздерінің футболдағы шеберліктерін, физикалық дайындығын, жылдамдығын, доппен жұмыс жасау техникасын және командалық ойын қабілеттерін көрсетті.

 Қатысушылар алаңда өз мүмкіндіктерін барынша көрсетіп, түрлі ойын элементтері бойынша сынға түсті. Жаттықтырушылар мен ұйымдастырушылар студенттердің жеке шеберлігіне, ойын кезіндегі белсенділігіне, тактикалық ойлауына және командалық әрекеттесуіне назар аударды.

Іріктеу нәтижесінде үздік ойын көрсеткен студенттер METU футбол командасының жаңа құрамына қабылданып, алдағы жарыстарда университет намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жоғары ынтасы үшін алғыс білдіреміз!