Главная Новости АЛМАТЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӘСТҮРЛІ АЛМА ТАРАТУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
15 Қыркүйек 2026                  55
АЛМАТЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӘСТҮРЛІ АЛМА ТАРАТУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алматы күні қарсаңында METU университетінің Жастар ұйымдары комитеті жыл сайынғы дәстүрге айналған алма тарату акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер мен университет жастарына Алматы қаласының басты символдарының бірі – алма таратылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. 


Акцияның басты мақсаты – Алматының тарихы мен мәдени ерекшеліктерін насихаттау, қалаға деген сүйіспеншілікті арттыру және студенттер арасында жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Алма тарату – METU жастары арасында қалыптасқан жылы әрі ерекше дәстүрлердің бірі. Жыл сайын Алматы күні қарсаңында ұйымдастырылатын бұл бастама студенттерді ортақ мерекелік көңіл күйге біріктіріп, университеттегі белсенді жастар мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып келеді.