Алматы
күніне орай METU ғылыми кітапханасында «Алматы – мүмкіндіктер қаласы» атты
кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Алматы қаласының қалыптасу тарихы,
сәулеті, мәдениеті, көрнекті тұлғалары, сондай-ақ қаланың қоғамдық және
әлеуметтік дамуы туралы кітаптар мен танымдық басылымдар қойылды. Оқырмандар
назарына қала тарихына арналған «История Алматы в документах», «Алматының
тарихы», «Алматы көшелері», «100 впечатлений об Алматы», «Мың жасаған Алматы», «Алматы
– любимый город» сияқты құнды еңбектер ұсынылды. Бұл басылымдар арқылы
оқырмандар қаланың өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, Алматының тарихи
қалыптасуы, мәдени мұрасы мен даму жолы туралы мол мағлұмат ала алады. Алматы –
тарих пен жаңашылдық, дәстүр мен заманауилық тоғысқан ерекше қала. Оның әрбір
көшесі мен ғимаратында, әрбір тарихи кезеңінде қаланың өзіндік шежіресі жатыр.
Кітап көрмесі – осы бай тарих пен рухани мұраны оқырманға таныстырудың бір
мүмкіндігі.
METU
ғылыми кітапханасы барша Алматы тұрғындарын Алматы күнімен шын жүректен
құттықтайды!
Қаламыздың мерейі үстем, шаңырағы биік, болашағы жарқын болсын!