Главная Новости АЛМАТЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА METU СТУДЕНТТЕРІ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ
18 Қыркүйек 2026                  57
АЛМАТЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА METU СТУДЕНТТЕРІ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Алматы күні қарсаңында METU студенттері университет аумағының тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру мақсатында сенбілік өткізді.

Іс-шара барысында студенттер университет аумағын тазалап, айналаны ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлді. Белсенді жастар оқу орнының аумағын таза әрі көрікті ұстауға өз үлестерін қосып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктерін көрсетті.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және университет аумағын абаттандыруға атсалысу.

Алматы күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл игі бастама студенттердің туған қалаға деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына мүмкіндік берді. METU жастары осылайша Алматының тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.