Главная Новости ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА ДОСТАРМЕН БАСТАДЫ
04 Қыркүйек 2026                  4
ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА ДОСТАРМЕН БАСТАДЫ

Жаңа оқу жылының басталуымен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің жатақханаларына студенттерді орналастыру жұмыстары аяқталып, білім алушылар арасында таныстық кездесулері ұйымдастырылды.

Жатақханаға орналасқан студенттер бір-бірімен танысып, жаңа ортаға бейімделіп, өзара жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Әсіресе, бірінші курс студенттері үшін бұл кездесу университеттік ортаға бейімделудің маңызды кезеңдерінің бірі болды.

Таныстық барысында студенттер өздерін таныстырып, білім алатын мамандықтары, қызығушылықтары мен жоспарлары туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, жатақханадағы ішкі тәртіп ережелері, тазалық пен қауіпсіздік талаптары және ортақ кеңістіктерді ұқыпты пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жатақхана – студенттердің тек тұратын орны ғана емес, сонымен қатар жаңа достар тауып, өзара тәжірибе алмасып, түрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларға бірге қатысатын маңызды әлеуметтік орта.

Алдағы оқу жылында жатақхана студенттері үшін түрлі танымдық, мәдени, спорттық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттік өмірді қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасалатын болады.

Жаңа оқу жылы әр студентке жаңа мүмкіндіктер, жарқын әсерлер мен берік достық сыйласын!