Кітап — бір күндік қызығушылық емес, ойыңды өзгертетін, көзқарасыңды кеңейтетін, өзіңді дамытуға жетелейтін серік. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында METU ғылыми кітапханасы кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған арнайы жоспар ұсынады. Бұл — бір аптаға ғана арналған жоспар емес. Бұл — жыл бойы жалғастыруға болатын оқу бағыты. Аптаның әр күні — жаңа жанр, жаңа тақырып, жаңа мүмкіндік:
Дүйсенбі — қазақ әдебиеті
Сейсенбі — әлем әдебиеті
Сәрсенбі — ғылыми кітаптар
Бейсенбі — өзін-өзі дамыту
Жұма — жастар әдебиеті
Сенбі — тарихи кітаптар
Жексенбі — «Мен ұсынатын кітап» Мақсатымыз — студенттер мен қызметкерлерге әртүрлі жанрдағы кітаптарды таныстырып қана қоймай, жаңа кітаптарды, жаңа ойларды тануға және өзіне жақын дүниені табуға мүмкіндік беру. Өйткені кейде бір кітап — бір ойға, бір ой — бір шешімге, ал бір шешім — бүтін бір өзгеріске бастайды. «Кітап оқитын ұлт — білімді ұрпақ»