Бүгін 2026 жыл 2 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің әл-Фараби ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, жыр
алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық
конференция және «Жамбылтану» бес томдық ғылыми басылымының тұсаукесері өтті.
Тағылымды
ғылыми жиынға еліміздің белгілі ғалымдары, әдебиеттанушылар, зерттеушілер мен
зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ шетелдік ғалымдар қатысып, Жамбыл мұрасының
ұлттық әдебиеттегі орны, әлемдік руханияттағы мәні, ақын шығармашылығының
көркемдік-эстетикалық табиғаты және жамбылтану ғылымының қазіргі бағыттары
талқыланды.
Халықаралық
басқосуға METU университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері»
кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Тебегенова Алтынарай Темірханқызы,
педагогика ғылымдарының магистрі Айткулова Құралай Оңғарқызы және кафедраның
1-курс студенттерінен құралған он студент қатысты.
Конференция
барысында Жамбыл мұрасын жүйелі түрде зерделеген «Жамбылтану» бес томдығы
ғылыми қауымға таныстырылды. Көптомдық басылымға ақын шығармашылығын әр қырынан
зерттеген ғалымдардың еңбектері енген. Солардың қатарында Тебегенова Алтынарай Темірханқызының
Жамбыл шығармашылығына арналған монографиясы да бар.
Университет
оқытушылары мен студенттерінің осындай іргелі ғылыми ортаға қатысуы ұлттық
әдеби мұраны терең тануға, ғылыми ізденіске қызығушылықты арттыруға және ұрпақ
сабақтастығын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Жамбыл
мұрасы – ұлттық руханиятымыздың қастерлі қазынасы. Ақынның 180 жылдығына
арналған халықаралық ғылыми жиын оның шығармашылығын жаңа ғылыми пайымдар
тұрғысынан зерделеп, мол мұрасын келешек ұрпаққа аманаттаудың маңызын айқындай
түсті.