Главная Новости ҚР Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын!
02 Қазан 2026                  76
ҚР Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын!

1 қазан - Жоғары білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде университет ректоры Д.Ақпанбетов, білікті кадр даярлауға, ғылымды дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосып жүрген университет қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтады.

«Жоғары білім – елдің зияткерлік және ғылыми әлеуетінің негізі. Жастарға сапалы білім беріп, оларды білікті маман ретінде қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі орасан. Бүгінде жоғары оқу орындарына заман талабына сай кадр даярлау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану сынды міндеттер жүктеліп отыр. Осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізіп, университеттің сапалы дамуына үлес қосып келе жатқан қызметкерлерге алғыс!» - деді ректор.

Кездесу соңында жоғары білім саласының дамуына және жас мамандарды даярлауға елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерге Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Нүкеновтың атынан Алғыс хаттарды табысталды.