Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Шыңдарды бағындыру – біздің студенттердің қолында!
03 Қазан 2026                  114
Шыңдарды бағындыру – біздің студенттердің қолында!

Университетіміздің Бағдарламалық инженерия кафедрасының студенті Сәтберген Диас Іле Алатауының биік шыңдарының бірі – Молодежный шыңын 4147 метр биіктікте бағындырды.

Молодежный шыңына көтерілу – физикалық дайындық пен төзімділікті ғана емес, табандылықты, жігерді және нақты мақсатқа ұмтылысты талап ететін күрделі сынақ. Студентіміз тау жолындағы қиындықтарды еңсеріп, өз мүмкіндігін сынап, биік мақсаттарға ұмтылыстың жарқын үлгісін көрсетті.

Диастың бұл жетістігі – студенттік өмірдің тек білім алумен шектелмей, белсенді өмір салтын ұстануға, жаңа белестерді бағындыруға және өз мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Сәтберген Диасты осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындырып, қойған мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз.

Биік шыңдар мен үлкен жетістіктер алда!