Главная Новости «Қарты бар үйдің – қазынасы бар»
02 Қазан 2026                  64
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар»

Қазақ халқы қашанда үлкенді сыйлап, қарияны төріне шығарған. Себебі жасы үлкеннің өмірден көргені көп, айтқан әрбір сөзі – кейінгі ұрпаққа бағыт, ақылы – мол қазына. «Қарияның ақылы – дария» деп бекер айтпаған халқымыз. Бүгінгі жастардың бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына алдыңғы буынның тәрбиесі мен өнегесінің ықпалы зор.

Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында METU студенттерінің қатысуымен «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» атты қарттар күніне арналған ашық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында үлкендер мен жастар арасындағы сыйластық, ата-әжеге деген құрмет, ұрпақтар сабақтастығы және отбасы құндылықтары туралы жылы әңгімелер қозғалды.

Қариясын құрметтеген елдің – берекесі артып, ұрпағы өнегелі болады.

Үлкенге құрмет – кішіге міндет, ұрпаққа үлгі.